Семейдегі 51-мектептің оқушылары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қасымов Ерасылдың жетекшілігімен ерекше экологиялық жобаны қолға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жоба аясында олар өз қолымен бөтелке қақпақтарынан сұрыптау жәшігі мен қоқыс контейнерлер жасап шығарды.
Бұл бастама тек шығармашылық жұмыс қана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын түсінуге, әрі табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған.
Мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы мектепте экологиялық мәдениет қалыптастыруға, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға нақты қадам жасалды.