Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынды алдап, 100 миллион теңгені жымқырған күдікті ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбеде полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.