Шымкентте гүлзарлар көбейді

Шымкент қаласы соңғы жылдары экологиялық саясатты, жасыл эко­номика қағидаттарын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жат­қан мегаполис ретінде ерекше қарқын танытып отыр.

Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасыл экономика – елдің болашағына салынған инвестиция» деген ұстанымына сай, қалада қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған.

Мәселен,  Шымкенттің эко­ло­­­­­гиялық жә­не эстетика­лық кел­бетін арт­тыру бағытындағы жұ­мыс­тардың бір жар­қын көрінісі – «Көл» қоғамдық демалыс орнын­­да­ғы заманауи әуенді-лазерлі су­бұр­қақ­­тың ашылуы. Қаланың жаңа сим­во­лы­на айналған бұл нысан жа­рық, әуен және от­ты көріністерді бі­р­іктіретін ерекше ке­­шен­ді құ­ры­лым болып табылады. Субұр­қақ­тағы лазер сәулесі мен музыкалық ыр­­ғақ үй­лесім тауып, түнгі уақытта көрер­мен­­ге әсер­лі көрініс сыйлайды. Бар­лық тех­ни­ка­лық жүйелер тап­сы­рыспен шетелде әзір­ле­ніп, мон­таж­дау кезінде энергия үнем­деуші жә­не авто­матты басқару тех­нологиялары қол­­данылған. Бұл шешімдер су­­бұрқақтың жұ­мысын оңтай­лан­ды­рып, электр қуатын аз тұтынуға жә­не күтіп-ұс­тау шығындарын тө­мен­детуге мүмкіндік берді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыз­дықбековтің айтуынша, мұн­дай заманауи ны­сандардың бас­ты мақсаты – тұрғындарға са­палы демалыс мәдениетін ұсыну және әр ау­­даннан тартымды қоғамдық кеңіс­тік қа­лып­тастыру. «Біздің мақ­са­ты­мыз – Шым­кент­тің әр ауда­нын­да тұр­ғындар мен қонақ­тар жи­на­латын за­м­анауи серуен және де­ма­лыс орын­дарын көбейту. Мұн­дай ны­сан­дар шаһардың келбетін көр­кейтіп, адам­дардың бос уақытын тиім­ді өт­кізуіне жағдай жа­сай­ды», – деді қа­ла басшысы.

Субұрқақ кешені – тек ин­же­нер­лік не­месе көркем нысан емес, ол қаланың да­муы мен өркендеуінің сим­волы. Маусым аяқ­талғанымен, ны­сан келесі жылы қайта іске қо­сы­лып, жаз мезгілінде қала тұр­ғын­дары мен қонақтарына ерекше әсер сый­ла­мақ. Шымкент қаласы бүгінде жа­сыл эко­номика қағидаттарын іс­ке асыруда ай­мақтық көшбас­шы­лар­дың бірі сана­лады.

Қалада қалдықтарды сұрыптау жүйесі, энергия тиімді жобалар, жер­гілікті жасыл ай­­мақтарды сақтау мен кеңейту бағдар­ла­малары бір­тін­деп енгізілуде. Экологиялық баста­ма­лар тек инфрақұрылымдық жоба­лар­­мен шектелмейді. Қала тұрғын­дары ара­­сында экологиялық мәде­ниет қалып­тас­тыру, табиғатқа ұқып­ты­лықпен қарау жә­не жасыл өмір сал­тын насихаттау мақ­са­тында түрлі ак­циялар мен ағаш отырғызу шара­лары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сонымен қатар Шымкент қа­ла­сында «Жасыл қала» бағ­дарламасы аясында соңғы жыл­дары жаппай ағаш отыр­ғызу, гүл­зарлар мен саябақтар салу, ес­кі де­малыс орындарын жаңарту жұ­мыс­тары да қарқын алған. Биылғы жы­лы бұл бағытта айрықша бел­сен­ділік танытқан Абай ауданының әкім­дігі бірнеше ауқымды жоба­лар­ды жүзеге асырып отыр. Жоспарға сәй­кес, аудан аумағында 5 жаңа әм­бебап демалыс орны (гүлзар) са­лынуда. Бұл ны­сан­дар тұрғын­дар­дың жайлы әрі эко­ло­гиялық таза ортада тынығуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жаңа гүлзарлар Дос­тық шағынауданындағы Ақ­босаға және Ақсу-Аюлы көше­ле­рін­де, Қызылжар ша­ғы­науданындағы Тоқбәйге кө­ше­сінде, Нұр­шуақ ша­ғы­­науда­нындағы Миялы көшесінде және Асар-2 ш­а­ғы­науданындағы  Нұр жол көшесінде бой көтеруде. Қа­зір кейбір ны­сан­дар­дың құры­лысы аяқталып, тұрғын­дар­дың игі­лі­гіне берілді.

Бұдан бөлек, Асар шағынау­да­нын­дағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылып, заманауи демалыс аймақ­та­ры­на айналуда. Аудан аумағында атқа­рыл­ған жұ­мыс­тардың нәтижесінде 9 400 шар­шы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қа­ра­ғаш пен 100 түп шырша кө­шеті отыр­ғы­зылды. Бұл көрсет­кіш­тер қаланың эко­логиялық ахуа­лын жақсартуға және жасыл белдеуді ұлғ­айтуға елеулі үлес қосады. Шым­­кент қаласының әкімдігі мен жер­гі­лік­ті құрылымдар ағаш отырғызу мә­де­ниетін арттыруға, жергілікті тұр­ғындарды та­биғатты қорғау ісіне тар­туға, жасыл же­лек санын кө­бей­туге ерекше назар аударып отыр. Мә­селен, былтыр қала аумағында 500 мыңнан астам ағаш пен бұта түр­лері отыр­ғызылған болатын.

Айта кетейік, Шымкент – жасыл эко­номика қағидаттарын жүйелі жү­­зеге асырып ке­ле жатқан эко­ло­гия­­лық қала. Абай ауда­нын­дағы ат­қа­ры­лып жатқан жұмыстардың өзі – Шымкенттің «Таза қала» болуға де­ген нақты қадамы. 

Мегаполис үшін экологиялық те­пе-тең­дік – стратегиялық маңызы бар бағыт. Сон­дықтан көгалдандыру тек қаланың кел­бетін жақсартып қана қоймай, жер­гілікті тұр­ғын­дар­дың өмір сапасын арт­тыру­ға, жы­лы­жай әсерін азайтуға және шаң-тозаң мен көмірқышқыл газының дең­­гейін төмендетуге ықпал етеді. Кө­гал­данған қала – таза ауа, жайлы өмір және са­лауатты қоғам кепілі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы