Параспортшылардың сайысы басталды

Астанада жылдың басты спорттық сайыстарының бірі – паралимпиадалық боччадан Қа­зақ­стан Респуб­ликасының Кубогы үшін жарыс өтіп жатыр.

Осы­ған орай елордадағы «Ас­пан» спорт кешенінде 8 корт жасақталып, алғаш рет алаң саны бойынша рекордтық көр­сеткіш тіркелді. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді.

Мәулен Әшімбаев жарысқа қатысу­шы­лар­­ға ілтипат білдіріп, жыл өткен сайын елімізде бочча қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пара­спортшыларды қолдау, инклю­зивті, ке­дер­гісіз орта қалып­тас­тыру бағытындағы тапсырмала­рын орындау аясында мүд­делі тараптармен бірлесіп кешенді жұ­­мыс жүргізіліп жатыр. Ел Кубогы – сол ау­қым­ды жұмыс­тың бір бөлігі. 

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елі­мізде инклюзия мәдениетін одан әрі дамыту және мүм­кіндігі шек­теулі азаматтардың спорт арқы­лы да қоғам өміріне толыққанды қа­тысуы үшін қажетті жағдай жа­сау маң­ыз­ды міндет екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте бочча айрықша мәнге ие. Се­бебі бұл – тәртіп қалып­тастырып, стра­­те­гиялық ойлауды дамыта­тын және мүм­кіндігі шектеулі азаматтардың ортаға бейімделуі­не ықпал ететін спорт түрі. Сіз­дер бочча­дан Қа­зақ­­стан Кубогы жол­ын­дағы жар­ысқа қатысу ар­қы­лы қоғамда маңызды құнды­лық­тарды наси­хат­­тай­сыз­дар. Сондай-ақ сіз­дер­дің табанды­лық­­тарыңыз бен еңбекқорлық­та­ры­ңыз заман­дас­тарыңызды ынталан­дыра­тыны анық, – деді Қазақстан бочча федерация­сы­ның президенті.

Айта кетейік, жарыс 9-14 қа­ра­ша күн­дері өтеді. Онда 11-14 жас аралы­ғын­дағы жасөспірімдер мен 15 жастан асқан ересектер жеке, жұптық және коман­да­лық сайыстар бойынша бақ сынайды. Жарыс жолында еліміздің 15 өңірінен 120 парас­портшы өзара мықтыны анықтайды.

Ел Кубогы жолындағы бай­рақ­ты бәсе­кені Мүмкіндігі шек­теулі спорт­шы­ларды спорттық даяр­лау орталы­ғының, Астана қала­сының Дене шын­ықтыру және спорт басқармасының ұйыт­қы бол­уы­мен, сондай-ақ, се­рік­тестер мен демеушілердің қол­­дауымен Қазақстан бочча федера­циясы ұйымдастырды.