Балалар арасында аспаздық байқау өтті

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер мен балалар арасында инклюзивті аспаздық байқау ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, тағамдардың дәмі бағаланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы ма­мандықтар жылы» шеңберінде «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақ­стан облысы Риддер қалалық филиалы «Үздік мамандық – 2025» бай­қауын өткізді. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Риддер қалалық фи­лиалының төрағасы Әсем Агажаева, қалалық білім бөлімінің ма­мандары, «Риддер» колледжінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ тұрғындар қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – жастардың кәсіби дағдыларын дамыту, ерек­ше білім беру қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуетін арттыру жә­не жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру. Сонымен қатар жоба іс-шара әлеуметтік инклюзияны дамытуға, теңдік, өзара көмек және толеранттылық қағидаттарын нығайтуды көздейді.

Ұйымдастырушылар командалық жұмысқа, өзара қолдауға және тап­сырмалардыі шығармашылық тұрғыдан орындалуына ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.

«Біздің байқау – жай ғана сайыс емес, ол қатысушылардың ішкі әлеуе­тін ашып, өз мүмкіндігіне сенуге жол ашатын ерекше алаң. Біз үшін бастысы – әр баланың бойындағы еңбекқорлық пен шы­ғар­ма­шы­лық қабілеттерін танытуына мүмкіндік берді. Осындай жобалар ар­қылы біз инклюзивті қоғамды дамытуға нақты үлес қосып отырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Риддер қалалық филиалының төрағсы Әсем Агажаева. 

Байқау қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылығын біл­діріп, мұндай іс-шаралардың ерекше жандар үшін үлкен мүмкіндік еке­нін атап өтті.

«Мен бұл сайысқа алғаш рет қатысып отырмын. Тағам әзірлеу – ме­нің сүйікті ісім, ал осы байқау маған өз қабілетімді танытуға және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңа достар табуға, бір-бірімізді қолдауға үйретті. Ең бастысы, әрқайсымыз өз еңбегімізбен ортақ нәтижеге үлес қостық», – деді байқау қатысушысы Ольга Журав­лева.

Іс-шара соңында үздік аспаздар марапатталып, барлық қа­тысу­шыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы инклюзивті бағыттағы жобалар­ды жүйелі түрде қолдап келеді. Бұл шаралар ерекше жандардың әлеуетін ашып қана қоймай, қоғамда еңбек пен адам құқығын құрметтеу мәде­ниетін қалыптастыруға ықпал етеді.