«12 қараша – Зәкеңнің өмірден озған күні»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы естелік айтты

Әнші күйеуінің сүйіп тыңдайтын әндерін орындады.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына марқұм күйеуіне арнап бірнеше видео жүктеді. Сонымен қатар марқұм күйеуінің өлеңдерін жариялады.

«12 қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын», - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Әнші күйеуінің сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, естелік айтты.

«Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді», - деп, «Есіңе мені алғайсың» әнін шырқаған. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, шығармашылығын жоғары бағалады. Олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар. 

«Керемет, Мақпал апай», - деп қолдау білдірді Димаш Құдайберген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.