Қазақстан құрамасының спортшысы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты. 

ҚР ҰОК мәліметінше, ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті. 

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.