Атырауда алаяқтықпен істі болған блогер Takitok-қа сот жазасын жеңілдетті

Судьялар алқасы бұл мән-жайларды назарға алып, жаза орындауын бір жылға кейінге шегеріп, сотталған әйелге белгілі бір шектеулер мен міндеттер белгіледі.

Атырау қаласының тұрғыны, қайырымдылық атын жамылып алаяқтық жасағаны үшін сотталған блогер әйел Ақтолқын Сапарованың жазасы жеңілдетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

№2 сот оны бұрын 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Ол жалған ұтыс ойындарын өткізіп, жазылушыларынан тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар, тәттілер ұтып алу немесе қайырымдылық акцияларына қатысу уәдесімен ақша жинаған. Бұл іс бойынша 68 жәбірленуші анықталды.

Апелляция кезінде қорғаушы тарап айыпталушының шынайы өкінішін, кәмелетке толмаған баласының барын және келтірілген залалдың бір бөлігін өтегенін ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Судьялар алқасы бұл мән-жайларды назарға алып, жаза орындауын бір жылға кейінге шегеріп, сотталған әйелге белгілі бір шектеулер мен міндеттер белгіледі.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы