«Қайрат» пен «Арсенал» арасындағы матч билетінің бағасы белгілі болды

Матч 2026 жылдың 29 қаңтарында Лондондағы әйгілі «Эмирейтс» стадионында өтеді. Бұл кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, яғни соңғы турға жатады.

Лондонның «Арсенал» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қазақстандық «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа билеттердің сатылымға шыққанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Клубтың ресми сайтына сәйкес, бұл ойын В санатындағы баға деңгейіне жатады. Билет бағасы 44,80 фунттан 80 фунт стерлингке дейін, яғни шамамен 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін болады. Алдын ала тапсырыс беру 21 қарашада басталады.

Матч 2026 жылдың 29 қаңтарында Лондондағы әйгілі «Эмирейтс» стадионында өтеді. Бұл кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші, яғни соңғы турға жатады.

Айта кеткен жөн, «Қайрат» клубының Алматыда өтетін ойындарына билет бағасы 30 мыңнан бастап 250 мың теңгеге дейін жетеді.

 

Қазіргі уақытта турнир кестесінде «Арсенал» 12 ұпаймен «Бавариядан» кейін екінші орында тұр. Ал «Қайрат» 36 команданың ішінде 34-орында келеді.