«Бұнда бірнеше рет болғанмын»: Олжас Абай Дариға Бадықованың анасының үйіне барды

Видеодан көңілді бір отырыс өткенін байқауға болады.

Қазақстандағы белгілі продюсер, әртіс Дариға Бадықованың анасы «Ыстық ұя» фильміне қатысқан режиссер мен әртістерді үйіне қонаққа шақырып, дастарқан жайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесуге актер Олжас Абай да қатысып, «Бұл үйде бірнеше рет қонақта болғанмын» деп жылы естелігін бөлісті.

Ал Дариғаның анасы оған ақ батасын беріп: «Үйіңнің берекесі мен тірегі бол!», – деді.