Әкімнің айтуынша, биыл Абай облысының бюджеті екі есе артқан.
– Биыл жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Көлік саласында – 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестицияда 103,1% өсім тіркелді, – деді өңір әкімі Берік Уәли
Оның сөзінше, 2025 жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке облыстан 137,3% өсіммен 441,4 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті.
«Облыс құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болса, қазір 2 есеге өсіп, биыл 500,9 млрд теңгені құрады. Бюджеттің 45,4%-ы немесе 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған», – деді ол.