Дональд Трамп азық-түлік үшін берілетін жәрдемақыны тоқтатады

Бүгінде 42 млн америкалық азық-түлік бағдарламасына тәуелді. 

АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі штат биліктеріне қараша айына арналған азық-түлік көмегін төлеу туралы шешімді жоюды міндеттеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі резервтік қордан төлемдерді қаржыландыруға тыйым салған еді. Шенеуніктер штаттарға жолдаған хатында жәрдемақыны рұқсат етілмеген төлем деп атап, талап орындалмаса, айыппұл салынатынын ескертті.

Бүгінде 42 млн америкалық азық-түлік бағдарламасына тәуелді. Бір адам айына шамамен 300 доллар, ал отбасы мүшесі төртеуден асса 1000 долларға дейін алып келген.