Ербол Мырзабосынов дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін, 2-жарыс күні әйелдер -57, -63, -70 келі, ал ерлер -73 және -81 келі салмақта жүлдеге таласады.

10 қарашада Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарысты арнайы тамашалап, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларды марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сондай-ақ чемпиондар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ҚР Президентінің көмекшісі және дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев, Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков қатысты. 

Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: 

-48 келі:

1. Тасним Абдуали (Шымкент қаласы)

2. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)

3. Зарина Құсадин (Алматы қаласы)

3. Әсел Русланова (Атырау облысы)

-60 келі:

1. Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)

2. Тоқтар Үміталиев (БҚО)

3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Асылхан Зинулин (БҚО) 

-52 келі:

1. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)

2. Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)

3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)

3. Сара Шұғаева (Алматы қаласы)

-66 келі:

1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

2. Ақылжан Жұбатқанов (Ақтөбе облысы)

3. Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)

3. Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы)

Бүгін, 2-жарыс күні әйелдер -57, -63, -70 келі, ал ерлер -73 және -81 келі салмақта жүлдеге таласады.