TURGYNDAR AMANATY фронт-офисі ашылды

Қала көркі әр тұрғынның өз үйі мен ауласына деген жеке жауапкершілігінен бастала­ды. Ауладағы жарықшамдар, айналадағы тәртіп пен тазалық – мұның бәрі тұрғындар­дың өмір сапасын айқындайтын факторлар.

Осындай қарапайым, бірақ маңызды мә­селелерді жүйелі шешу үшін «AMANAT» партиясы елордада TURGYNDAR AMANATY жо­басының фронт-офисін ашты. Бұл бастама арқылы енді астаналықтар осындай үде­рістердің жай бақылаушысы емес, тікелей қатысушысы бола алады.

TURGYNDAR AMANATY жобасы көп­пәтерлі үйлер мен аулаларды бас­қару­дың жаңа сапалы моделін енгізуге ба­ғытталған. Бұл – партияның сай­лауал­ды уәделерін жүйелі орындауының жал­ғасы. Осы жылдың шілдесінде Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мә­жі­лістегі «AMANAT» партиясы фрак­ция­сы­ның депутаттары әзірлеген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәсе­ле­лері жөніндегі заңға қол қойған болатын.

Нормативтік-құқықтық негіз қалып­тас­қандықтан, ендігі маңызды міндет – мүлік иелері бірлестігі (МИБ) төраға­ла­рына, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық қызметкерлеріне және көпқа­бат­ты үй тұрғындарына нақты қолдау көр­сету. Осы мақсатта елордада TUR­GYN­DAR AMANATY жобасы пилоттық ре­жимде іске қосылды. Жоба заманауи, қауіп­сіз және ашық орта қалыптастыруды көздейді.

Партия хатшысы Ержан Жылқы­баев­тың айтуынша, соңғы екі жылда пар­тияның сайлауалды бағдарламасы ая­сында елордада 22 мектеп және Есіл өзе­ні арқылы өтетін жаңа көпір салынды. Сондай-ақ 3,5 мыңнан астам жеке үй газға қосылып, қоғамдық көлік паркі 700 жаңа автобуспен толықты. Оның ай­туын­ша, қаланы дамыту тек инфрақұры­лым­мен шектелмеуге тиіс, басты мақсат – тұр­ғындардың өмір сүруіне қолайлы жағ­дай жасау.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында энергетика және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы­ның инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды тап­сыр­ды. Бұл реформалар әр тұрғынның өмір са­па­сына тікелей әсер етеді. Президент бел­гілеген міндеттер TURGYNDAR AMANATY жобасында көрініс тапқан. Па­ртия тұрғындарға өз үйі мен ауласы­ның жағдайына тікелей ықпал етуге мүм­кіндік беретін құралды ұсынып отыр. Біз МИБ төрағаларына қолдау көр­­сетіп, тұрғындар, коммуналдық қыз­меттер мен жергілікті атқарушы органдар ара­сында тікелей диалог орнатуға жағ­дай жасаймыз», – деді Ержан Жыл­қы­баев.

«AMANAT» партиясының Астана қа­ла­лық филиалының Атқарушы хат­шы­сы Мұхаммед Болысбектің айтуын­ша, көптеген МИБ төрағаларына ортақ мү­лікті ашық әрі тиімді басқаруға қа­жет­ті білім мен құралдар жетіспейді. Сол се­бепті жоба аясында OSIskills атты тә­жі­ри­белік семинарлар өткізу, тұрғын­дар­дың нақты бастамаларын қолдау және бар­лық деңгейдегі депутаттармен тұрақ­ты кері байланыс жүйесін қалыптастыру қарас­тырылған.

«Жылдар бойы адамдар өздерінің жар­­налары қайда жұмсалатынын және шешімдерді кім қабылдайтынын білмей кел­ді. Аулада орындықтың, автотұрақтың не­месе қоқыс жәшігінің болуы – әрбір тұр­ғынның қатысуымен қабылданатын ше­шім болуға тиіс. Біз оқу курстарын бар­ша қала тұрғындары үшін, ең ал­ды­мен, МИБ төрағалары үшін тегін өт­кі­земіз. Сондай-ақ жасанды интеллект не­гізіндегі чат-боттар іске қосылады, олар жиі қойылатын сұрақтарға жауап бе­ріп, тұрғындарға көмек көрсетеді», – деді ол.

Бүгінде Астанада 3 300-ден астам көп­пәтерлі үй бар, олардың 3 020-сы мү­лік иелері бірлестіктері құрамында жұ­мыс істейді.

TURGYNDAR AMANATY жобасы бойын­ша оқуға жазылу үшін +7 (7172) 36-19-45 телефоны арқылы немесе Аста­на қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 3 мекен­жайы бойынша хабарласуға болады.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ