Әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында білім және денсау­лық сақтау мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыс­тарын жүргізді.

Зерделеу барысында бірнеше ны­сан­да бірқатар олқылық анықталды. Атап айтқанда, 400-ге жуық баланы қамтитын «Бақытты болашақ» оқу­шы­лар сарайында мүгедектігі бар жан­дар үшін қауіпсіз әрі кедергісіз орта толық қамтамасыз етілмеген.  Ме­­­кемеде арбадағы азаматтарға ар­налған пандус мүлдем қарас­тырыл­ма­ған. Электронды көтергіш орна­тыл­ғанымен, құрылғы істен шыққан, ша­қырту түймесі де жұмыс істемейді. Оның өзі тек екі сатыға дейін ғана кө­тереді, әрі қарай көтерілетін бас­пал­дақ бар.  Көру қабілеті бұзылған аза­маттар үшін де қолайлы жағдайлар жа­салмаған. Мекеме сыртына ор­на­тыл­ған тактильді жолақтар стандартқа сай келмейді, ал ішкі бөлмелерде мұн­дай жолақтар мүлде қарастырыл­маған.  

Халықтың қозғалысы шектеулі то­бы жиі келетін «Оптимед» көз хи­рур­гия орталығында мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға қолайлы орта мүлде қарастырылмаған деуге болады.  Мә­се­лен, арбамен қозғалатын адамдар үшін пандус орнатылғанымен, ол тиіс­ті стандарттарға сай келмейді. Тіп­ті балалар арбасын итеріп шығуға ты­рысқан аналар үшін де бұл пандус қауіп­ті.  Пандус маңында орнатылған ша­қырту қоңырауы жұмыс істемейді. Ар­найы жұмысшы топ мүшелері қоңырау тетігін 8-9 рет басса да, ме­­кеме ішінен ешкім жауап бермеген.  Сон­дай-ақ көру қабілеті бұзылған аза­маттар үшін де ешқандай жағдай жа­салмаған. Нысанға кіретін жолда так­тильді жолақтар жоқ, мекеме атауы Брайль қарпімен жазылмаған.  Сонымен қатар санитарлық-тұрмыс­тық бөлмелер де толықтай бейім­дел­ме­ген, яғни мүгедектігі бар азамат­тар­ға қолжетімсіз. Жалпы алғанда, ор­талықта инклюзивті орта қалып­тас­тыру бағытында тиісті жұмыстар жүр­гізілмеген.

Жұмысшы топ анықталған ол­қы­лық­тар бойынша тиісті ұсыныстар дайын­дап, жауапты органдарға жол­дады.