«7 жыл бұрын ажырастық, оны неге бағуым керек?»: актер Олжас Абай бұрынғы әйелі туралы айтты

Ол ұлдарына уақытылы алимент төлеп тұратынын жеткізді.

Актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол ұлдарына уақытылы алимент төлеп тұратынын жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта балаларына пәтер беретінін айтқан.

«7 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін әлі де біраз нәрсе жасаймын. Алименттерін уақыты төлеймін. Ұлдардың екі бөлмелі сыйға берілетін пәтері де дайын тұр. Уақыты келгенде беремін. Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Жолын тауып, еңбек қылып бақытты болсын», – деп жазды актер.

Айта кетейік, бұған дейін актердің бұрынғы әйелі балаларымен пәтер жалдап тұрып жатқанын айтқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.