Едіге Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды

Алдымен спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі бірдей медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Алдымен спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, уейін серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ Емберді қоссайыстың қорытындысы бойынша (343 келі) қола медальға қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.