14 қарашада Ташкентте Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың сахнасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының орындауындағы композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Halyk Bank, «Самұрық–Қазына» қоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту қорының қолдауымен құрылған қойылым Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогтың жарқын оқиғасы болмақ.
Операны сахнаға шығаруға белгілі ғалымдар мен тарихшылар қатысты: Алтын Орда мен татар хандарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев, Мармара университетінің профессоры Ілияс Кемалогу, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев. Идеяның авторы – Айнұр Көпбасарова, шығарма Алмас Нүсіп драмасына негізделген, либреттоны Маралтай Ыбыраев жазған.
Ташкенттегі қойылым Қазанда сәтті өткен және көпшіліктің қызығушылығын тудырған қойылым гастролін жалғастырмақ. Жоба тек театрландырылған оқиға ғана емес, өткен дәуір мен қазіргі заман арасындағы, ортақ тарих, мәдениет және өзара құрметпен сабақтасқан екі бауырлас халық арасындағы ауқымды көркемдік диалог болды.
Премьера14 қарашада сағат 19:00-де Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың сахнасында өтеді.