Алматы әкімдігі Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан «Перзент» жеке қайырымдылық балалар үйі аумағында орын алған өртке қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Әкімшіліктің дерегінше, барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде.
Оқиға орнында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етілуде. Жағдай бақылауда, - деп жазылған ресми хабарламада
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз