Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ойындарында дзюдо жарысы жандана түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық спортшы Мәди Амангелді финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол Біріккен Араб Әмірліктері сапынан сынға түсіп жүрген грузин дзюдошысы, екі дүркін әлем чемпионы Нугзари Таталашвилиді сенсациялық түрде жеңіп шықты.
Кездесу 2:0 есебімен Мәди Амангелдінің пайдасына аяқталып, ол Исламиада-2025 жарысының алтын жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Мәди Амангелді турнир барысында қатарынан үш қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасының басты үміттерінің біріне айналып отыр.
Мәди Амангелді – 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбектің жолдасы.