Quartz хабарламасына сүйенген Aikyn.kz кеше фантастика болып көрінген сыйақының берілу себебін түсіндіреді.
Маск көптен бері батыл уәделер айтып жүргенімен, олардың барлығы толық орындала бермейтін. Бейсенбідегі жеңісінен кейін ол сахнаға шығып, бірқатар тың мәлімдемелер жасады. Олардың алғышқысы ұшатын автомобильдерге байланысты болды.
Айдың басында Илон Маск Джо Роганның бағдарламасында ұшатын автомобиль идеясын меңзеген болатын. Бұл туралы Aikyn.kz арнайы «Президентпен арасы суыған миллиардер «ессіз технологиямен» ұшатын көлік жасайтынын мәлімдеді» атты материал да берді:
Айта кету керек, АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) әлі де әуе таксилерін қазіргі әуе қозғалысы жүйесіне енгізу жолдарын анықтап жатыр.
Бұндай ұшу аппараттары жер бетінен 600-900 метр биіктікте жүзеге асырылмақшы. Және оны жүргізуші пилоттар үшін арнайы талаптар енгізіледі.
Tesla-ның толық автономды жүргізу (FSD) функциясына тоқталған Маск компания жүргізушілердің FSD режимінде отырып мәтін жазуға рұқсат ететінін айтқан. Қазір Tesla жүргізушілерден көзді жолдан алмай бақылауды талап етеді. Маск «бір-екі айдан кейін» жүргізушілер телефон қолдана алатынын мәлімдеді. Дегенмен көптеген штат және қала заңдары мұндай әрекеттерге әлі де тыйым салады.
Осы көліктік режиммен толығырақ «Tesla «Құтырған Макс» режимін неге қосты?» деген Aikyn.kz материалынан танысуға болады.
Масктың келесі жобасы – Tesla-ның жартылай өткізгіштер зауытын салуы. Ол зауыттың бастапқы қуаты айына 100 000 пластина болады деп болжайды, ал ұзақ мерзімде бұл көрсеткіш айына 1 миллион чипқа дейін жетуі мүмкін екен.
Директорлар Кеңесінің шешіміне қарамастан жұма күні (7 қараша) таңертеңгі саудада Tesla акциялары 3,5%-ға төмендеді. Өйткені Илон Масктің 1 трлн долларлық өтемақы пакеті мақұлданғаннан кейін жасалған мәлімдемелер қаржы нарығын шабыттандыра қоймады. Жобалар техникалық, құқықтық және экономикалық тұрғыда әлі де айқындалмаған. Сондықтан сарапшылар оны реалистік болжамнан гөрі Масктің әдеттегі амбициялық риторикасы ретінде бағалап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.