Қираған мектептің астынан егде жастағы ер адамның мәйіті табылды

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылар арасынан табылған.

Павлодар облысында құтқарушылар мен кинологтар арнайы іздестіру-құтқару жабдықтары мен тепловизордың көмегімен үйінді астында қалған ер адамның жатқан орнын анықтап, мүрдесін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылар арасынан табылған.

«Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан алып шықты», – делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйінді астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізілуде.