Цифрлық кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутат­тар­дың бастамасымен Мемлекет бас­шы­сының 2025 жылғы 8 қыркүйек­тегі «Жа­санды интеллект дәуі­­­рін­дегі Қа­зақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқы­лы шешу» атты Жолдауын іске асыру үшін әзірленген Цифрлық кодекс жо­басы мен оған ілеспе заң жоба­лары қаралатын болады. Жолдауда айтылғандай, Қазақстанды таяу үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге ай­­налдыру – мемлекет дамуының ст­ратегиялық міндеттерінің бірі.

Кодекс жобасы цифрлық орта­да­ғы қатынастарды реттеуге бағыт­тал­ған. Жобада цифрлық құқықтық қа­­ты­настар объектілерінің және цифр­­лық орта субъектілерінің түр­лері айқын­далып, цифрлық құжат­тарды қалып­тастыру, сақтау және ұсынудың негізгі қағидалары бел­гілен­ген. Бағдар­ламалық код түрінде ресімделген және белгілі бір шарттар туындаған кезде автоматты түрде орын­далатын смарт-келісімшарттар – заңды маңызы бар келісімдерді енгізу көзделеді. Сон­дай-ақ жобада аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жө­ніндегі ережелер бекітіледі. Қол­да­нылу мерзімі 1-5 жыл аралығындағы цифрлық жобаларды сынақтан өт­кізу үшін эксперименттік құқықтық ре­жим енгізіледі. Ілеспе түзетулер арқылы киберқауіпсіздік оқиғалары кезінде байланыс қызметтерін көр­сетуді тоқтата тұру тәртібін бұз­ғаны үшін және мемлекеттік қызмет көр­сету кезінде артық құжаттарды талап еткені үшін әкімшілік жауапкер­ші­лікті енгізу көзделеді. 

Бірінші оқылымда палатаға Мем­лекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша «Жер қойнауы жә­не жер қойнауын пайдалану ту­ра­лы» кодекске үкіметтік түзетулерді тал­қылау ұсынылады. Заң жобасында жер қойнауын пайдалану сала­сын­дағы барлық бизнес-процесті цифр­ландыру үшін Жер қойнауын пайда­ла­нудың бірыңғай платформасын құру, геологиялық ақпаратты басқару жө­ніндегі Ұлттық геологиялық қыз­мет­тің функцияларын бекіту көзде­ле­ді. Сонымен қатар бүкіл ел аумағы бойын­ша қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру кезінде «алғашқы өтінім» қағи­да­тын енгізу ұсынылады. Аукцион­дар негізінде берілетін учаскелер, сон­дай-ақ көмірсутек пен  уран са­ла­сындағы ұлттық компанияларға ар­­налған резервтелген аумақтар, ерек­­ше қорғалатын табиғи аумақтар, ор­ман және су қорларының жерлері, сон­дай-ақ ұлттық қорғаныс нысан­дары ерекше жағдай ретінде таны­лады. 

Жалпы отырыстың күн тәртібіне бі­рін­ші оқылымда депутаттардың бас­­тамасымен креативті индуст­рия­лар­ды қолдау және дамыту мәсе­ле­лері туралы заң жобасы енгізілді. Құ­жат креативті өндірісті дамытуға, шы­ғармашылық әлеуетті кеңейтуге, кадр даярлау, мемлекеттік қолдау жә­не инвестициялар тарту ісінде уә­кілетті органның құзыретін нақ­ты­лау­ға бағытталған. Заң жобасында «кә­сіби суретші», «креативті ин­дустрия­лар өнімі» және «креативті ин­дустриялар субъектілерінің тізі­лімі» сынды жаңа ұғымдар енгізіледі. 

Депутаттарға архив ісі мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқы­лымда қарау, сондай-ақ Әзербайжан, Қа­зақстан және Өзбекстан  арасын­дағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріп­тестік туралы келісімді жұмысқа қа­­­­­былдау ұсынылады.