«12 жылдық мектепке көшу керек»: ғалым білім беру жүйесіне реформа жасау керектігін айтты

AIQYN тілшісінің "білім сапасын көтеру үшін не істеу керек?" деген сұрағына ғалым келесідей жауап берді

Біз қазіргі білім беру саласының сапасы мен ағарту саласының ақсап жатқан тұстарын түгендеу үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайыновты әңгімеге тартып, сұхбат құрған едік.

AIQYN тілшісінің "білім сапасын көтеру үшін не істеу керек?" деген сұрағына ғалым келесідей жауап берді.

6+3+3 моделімен жұмыс істейтін 12 жылдық мектепке көшу керек. Болды. Ал қазір бізде 12 жылдық мектеп туралы әңгіме көтерілетін болса, біраз жұрт қаражат жоқ деп бұл мәселенің шешілуін кейінгі сырып, кешеуілдете береді. Мен бұны ел келешегін, ұрпақ бола­шағын ойламайтын және білім беру проблемасын мүлде түсінбейтін жандардың пікірі деп есептеймін. Шетелдердің озық тәжірибелерін ескере отырып, 12 жылдық мектепке өтуді 4 кезеңде іске асыруға бола­ды. Алдымен 2 жыл көлемінде тиянақты ҒЗЖ жүргізіп,  бастауыш мектептің білім мазмұнын жасап, 1-сыныптың оқу құрал­дарын дайындау керек. Екінші кезеңде, жыл сайын бір сыныптан жаңа оқу бағдар­ламасына көшу және 7-9-сыныптардың білім мазмұнын жасау қажет. Үшінші кез­еңде 7-9-сыныптардың өтуін қамтама­сыз етіп, 10-12-сыныптардың білім бағдар­ла­масын жасау керек. Сосын төртінші кезеңде 10-12-сыныптардың өтуін қамта­масыз етсек болды. Сонда мектептерге 12-сыныпта оқитын оқушылар 12 жылдан кейін ғана келетін болады. Ол уақытта елімізде қосымша бір сыныпты оқытуға қажетті жағдай болады деп есептейміз. Осындай реформа жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда алдағы 7-8 жылда бастауыш мектеп оқушыларына озық елдер дең­гей­ін­дегі білім бірілетін болады. Бастауыш мек­тепте алған білім жалпы білімнің мық­ты тұғыры болады да, алдағы уақытта қа­зақ­стандық оқушылардың білім сапасы жо­ғары деңгейге өзінен-өзі сатылап көтері­ле береді. Балаларымыз сапалы білім алатын болса, еліміздің ғылыми-техни­калық әлеуеті мен экономикасы өсіп, халық­тың әл-ауқаты да түзелері сөзсіз. 

Сұхбаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз