Стратегиялық серіктестікке серпін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты. Қазақстан Президенті алдымен Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 фор­ма­тын­дағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар ара­сын­дағы ынтымақтастықтың жаңа ке­зеңі­не жол ашқанына на­зар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Прези­ден­ті Дональд Трамптың халықаралық сая­саттағы рөліне айрықша тоқталып, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп ба­ғалады.

– Сіз жүргізіп отырған парасатты жә­не батыл саясатты бүкіл әлем қолдауға лайық деп санаймын. Мен де Сіздің ұста­нымдарыңызды қуаттаймын. Сіздің же­текшілігіңізбен Америка алтын дәуірге қа­дам басты. Біз «Американы қайтадан ұлы елге айналдыру» (Making America Great Again) деп аталатын көреген тұжырым­дамаңызды жоғары бағалаймыз. Бұл мақ­сат «Заң және тәртіп» қағидатына негіз­дел­ген Әділетті, Қуатты Қазақстан құ­руды көз­дейтін ауқымды страте­гия­мыз­бен үн­деседі. Бітімгер Президент ре­­­тінде сегіз ай­дың ішінде сегіз соғыстың тоқ­тауына ық­пал еттіңіз. Осылайша, Аме­риканың ха­лықаралық тұрақтылыққа ті­рек болған рөлін айтарлықтай күшейте түс­тіңіз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық се­ріктестікті одан әрі нығайтуға ниет­ті екенін растады.

– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қыр­лы ынтымақтастықты дамы­ту­ды ұдайы қол­дап келесіз. Мен мұны жо­ғары бағалаймын. Ақ үйде Пре­зи­дент лауазымын атқарған ал­ғаш­қы ке­зеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңей­тілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заң­намалық тұрғыдан бе­кіді. АҚШ – Қазақ­стан­ға 100 мил­лиард доллардан аса қаржы сал­ған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қоз­­ғаушы күші саналады. Соңғы жыл­дары ел­де­ріміз арасындағы тауар ай­налымы екі есе өсіп, 5 миллиард дол­лар межесіне жуықтады. Амери­ка­дағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайы­зын қамтамасыз етіп отырмыз. Қа­зақ­стан­да 600-ден астам аме­ри­ка­лық компания биз­нес жүргізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар ая­сында екі ел компаниялары жалпы со­масы 17 миллиард дол­лардан аса­тын келісімдер жасасқанын айт­ты.

Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энер­ге­ти­ка, аса маңызды минералдар, өнер­кәсіп, кө­лік, қаржы, жасанды ин­теллект, білім секілді не­гізгі сала­лар­ды қамтитын экономикалық әлеуе­­ті жарты триллион доллардан асады.

Президент америкалық компа­ния­ларды елімізде инвесторлар үшін жа­салған оңтайлы жағ­дайды пайда­лануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсететінін жеткізді.