Үстел теннисі: Қазақстан спортшылары Португалиядағы турнирді аяқтады

Қазақстандық теннисшілер жекелей, жұптық және аралас санаттарда қарсыластарына жол берді.

Үстел теннисінен Португалияда өтіп жатқан WTT Feeder Vila Nova de Gaia 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы өнер көрсетуін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстандық теннисшілер жекелей, жұптық және аралас санаттарда қарсыластарына жол берді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Владислав Захаров бір ғана жеңіске қол жеткізді. Ол колумбиялық Дэниел Крузды ұтты. Алайда келесі кездесуде қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Захаров, сондай-ақ Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева турнирді жүлдесіз аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.