«Қайрат» пен «Интер» клубының жанкүйерлері төбелесіп қалды

Хабарламаға сәйкес, жанжал әуелде жай ғана ауызша сөзталас ретінде басталып, кейін төбелеске ұласқан.

Милан қаласында өткен «Интер» мен «Қайрат» арасындағы матч кезінде қос команданың жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Хабарламаға сәйкес, жанжал әуелде жай ғана ауызша сөзталас ретінде басталып, кейін төбелеске ұласқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстандық және итальяндық клубтардың жанкүйерлері арасындағы төбелес бейнеленген деп болжанған видео жарияланған еді. Екі жігіт арасындағы қақтығыс жаппай текетіреске ұласқан.

Айта кеткен жөн, жақында өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда «Интер» мен «Қайрат» арасындағы матч 2:1 есебімен италиялық команданың жеңісімен аяқталды.