Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті маңында Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олар қайық қозғалтқышының бұзылуына байланысты шамамен жағадан 16 шақырым қашықтықта қалып, өз бетімен қайта алмай қалған. Сондай-ақ ол жерде байланыс та болмаған.
Түнгі уақытта және күрделі жағдайда құтқарушылар алдын ала берілген геолокация бойынша бағыт алып, балықшыларды тез арада тауып алды.
Жағаға жеткізілген ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар қайықты да жағаға сүйреп шығарды.