«Жауапсыз еркектерден құралған бір буынды көріп отырмыз...»: Мөлдір Әуелбекова ренішін білдірді

Өнер иесі қоғамда өзекті болып отырған ажырасу тақырыбында сөз қозғады.

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі желідегі парақшасында жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі қоғамда өзекті болып отырған ажырасу тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар жауапкершілігі аз ер-азаматтардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.

“Бірге жанымыз!”. Осы әнді орындағанымда мен де, ажырасамын деп ойламадым. Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуіге шықпайды. Ол - міне менің тірегім, арқа сүйер азаматым деп, сенім артады емес пе…? Бірақ өкініштісі әйел былай тұрсын, балаларынан безіп отырған бір сондай жауапсыз еркектерден құралған бір буынды көріп отырмыз. Иә, бәріне топырақ шашпаймын. Небір мықты азаматтар баршылық қой. Дегенмен жауапкершілігі отбасы түгілі өз өзіне жете алмай жатқан ерлер басымырақ болып тұр… Бұл – біз өмір сүріп отырған өз қоғамымыздың қазіргі дерті. Отбасын құрбан ете салатын, жеме жемгенде келгенде бәріне оп-оңай қол сілтей салатын ерлер, біраз ой жүгіртіп жинақталатын кездерің келді. Қыздарымыз үшін! Нәзік жандылар үшін! Аналар үшін! Болашақ ұрпақ үшін! Ұлтымыз үшін!" - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.