2026 жылғы діни күнтізбе: Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды

Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше, келер жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше, келер жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге, ал Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.

Сондай-ақ Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі.

Бас мүфтият дерегіне сай, Миғраж түні – 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түнге, ал Бараат түні – 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнге түседі.

Айта кетейік, діни мерекелердің нақты уақыты айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан көрсетілген күндер бір күн алға немесе артқа жылжуы ықтимал.