Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған 35 шетелдікке көмек көрсетті

Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екен.

Бүгін таңертең Ақмола облысы Бурабай ауданы Баянбай ауылының маңында АстанаПетропавл бағытындағы рейстік автобус бұзылып қалған. Жүргізуші көмек сұрап құтқарушыларға хабарласқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан барлық жолаушыны эвакуациялап, теміржол вокзалына жеткізді.

35 адам эвакуацияланды. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екен. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.