Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарашық ауылында екі адам мінген жеңіл автокөлік белгісіз жағдайда Қарашық каналына түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері үйлесімді және жедел әрекет етіп, құтқару арқанымен екі ер адам қауіпсіз жерге шығарды.
Сонымен қатар арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік судан шығарылды.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу керек екенін еске салады.