Әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желіде отбасындағы жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жұбайының туған күнін шетелде атап өткен өнер иесі жүрекжарды лебізін білдірді.
«Туған күніңмен, балапандарымның анасы, асыл адамым. Сенің биылғы 21 жасыңды ( сені маған Алла 21 жасыңда берген. Мен үшін сенің жасың әрдайым 21) Еуропада қарсы алуды нәсіп еткен екен. Барыңа шүкір! Бәріне шүкір! Өмір жолымыз ұзақ болсын! Сен менің өмірімде, мен сенің өміріңде бар болып, Алланың бізге көрсеткен керемет нығметі таусылмасын», - деп жазды өнер иесі.
Әншінің бұл әрекетіне желі қолданушылары сүйсінді.
«Жан-жарыңызбен қол ұстасып, бақытты ғұмыр кешуді нәсіп етсін Алла Тағалам», «Не деген керемет тілек, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Аға, сізге ризамын, қанша жыл бала күтіп шыдап, ақшам бар, атақ бар деп кеудеңізді кермей, нағыз азамат қалпында қалдыңыз. Үлгілі отбасы», «Қандай жылы сөздер», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.