Маңғыстау облысында мысық тістеп алған ер адам қайтыс болды

Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде бірден дәрігерлерге тексерілу керек екенін ескертті.

Маңғыстау облысының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін құтырмаға шалдығып, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жануарлардың тістеуіне байланысты 1300-ден астам жағдай тіркеліп, пациенттер антирабиялық көмекке жүгінген. Оның 52 пайызы - балалар, 4 пайызы - жасөспірімдер, 43 пайызы - ересектер болып шықты. Оған қоса 801 адам антирабиялық вакцина, ал 544 пациент иммуноглобулин екпесін алған.

Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде бірден дәрігерлерге тексерілу керек екенін ескертті.