8 қарашада байрақты бәсекеде бақ сынайтын отандастарымызға арналған салтанатты іс-шара өтеді. Айтулы кеште ел намысын қорғайтын спортшыларды Токиоға шығарып салады. Бұл додаға 8 спорт түрінен 79 атлет аттанады. Соның ішінде, жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таеквондо бар.
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ