Мемлекет басшысы Филиппин Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Кал­маэги» тайфунының салдарынан көп­теген адамның қаза табуына бай­ланысты Филиппин Прези­ден­ті Фердинанд Маркосқа көңіл айт­ты.

Мемлекет басшысы қайтыс бол­ған азаматтардың отбасы­ла­ры­на көңіл айтып, зардап шек­кен­­­дердің тезірек сауығып кетуіне ті­лектестік білдірді.