Әнші Ayree сәбиін өмірге әкелді

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында перзентханадан шыққан сәттегі видеоны жариялады.

Ayree лақап атымен танымал әнші Әйгерім Рақыш екінші сәбиін өмірге әкелді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында перзентханадан шыққан сәттегі видеоны жариялады. Бейнежазбадан қуанышты сәтте күйеуі мен достары жанында болғанын көруге болады.

Әйгерім Рақыш құттықтап жатқан жандарға алғыс айтты.

“Қайырлы, бақытты таң. Бөлісетін фото, видео көп. Шүкір, үйге жаңа статуспен кіріп келдік, бақыттымыз. Тілеген тілектеріңізді оқып, қуанып жатырмыз. Сіздерге де жұғысты болсын”, – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.