Ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысында жол жабылады

Жолды 6 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2025 жылғы 5 қараша сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қордай асуының жаңа айналма жолы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында. 

Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 6 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.