Футболдан Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» ойыншылары тұңғыш рет 80 мың жанкүйердің алдында «Интерге» қарсы ойнайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Интер» мен «Қайрат» матчы сағат 01:00-де басталады. Бұл ойынды тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Қазіргі таңда үш турдан кейін «Интер» тоғыз ұпаймен көш бастап тұр. Италиялық клуб негізгі кезеңде үш рет жеңіске жетіп, өз қақпасына бірде-бір гол жібермеді: олар Нидерландтың «Аякс» командасын 2:0, Чехияның «Славиясын» 3:0, ал Бельгияның «Юнион» клубын 4:0 есебімен жеңді.
Ең қызығы, Италиядағы матч билеттері 7 мың теңгеден сатылған.