Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді.

5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина.

Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді.

Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлде үшін бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.