Бүгін Астанада қар жауды

Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, боран, көктайғақ болады және жел күшейеді.

"Қазгидромет" синоптиктері 3 қараша күні Қазақстанның 15 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялаған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, боран, көктайғақ болады және жел күшейеді. Кей жерлерде ауа температурасы минус 10-15°С-қа дейін төмендейді. 

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, боран және көктайғақ күтіліп отыр. Петропавл мен Көкшетауда түнде 10-12 градус аяз болады деп болжанды.

Бірақ көп ұзамай, бүгін кеште Астанада қар жауды.