Сот Алика Мұхамадиеваға қатысты айыптау үкімін шығарды

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.

Бүгін Қарағанды қаласы  Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды.

"2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңға 5 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын жекелеген қылмыстарды қоспағанда, жас балалары бар әйелдер үшін жазаны өтеуді кейінге қалдыруды міндетті түрде қолдануды көздейтін өзгерістер енгізілгендіктен, бүгінгі күні жазаны кейінге қалдыру міндетті норма болатынына назарларыңызды аударамыз", – делінген ресми хабарламада.

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.

«Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге сот жазаны өтеуді бес жылға дейін шегере алады. Сот Мұхамадиеваны Қылмыстық кодекстің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.