Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғыш ұлы анасына қатысты сын айтудың қажеті жоғын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Өйткені оның сахнада жүргеніне елу жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол факт. Осы қыз Роза Рымбаеваның ізбасары болады деген қанша қыз шығып еді, өкінішке қарай олар екі-үш жылдан кейін жоқ болды. Ал Роза Рымбаева әлі де кез келген іс-шараның нүктесін қоятын әнші»,-дейді ол.