«Килікпей, өз жолыңмен кет!»: танымал әртіс Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйеліне жазған хаты тарады

Жазбада актер экс-әйеліне бейәдеп сөздер айтып, оның өмір салты мен мінезіне қатысты сыни пікір білдірген.

Әлеуметтік желіде танымал әртіс Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызына арнаған жазбасы тарап, көпшіліктің назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жазбада актер экс-әйеліне бейәдеп сөздер айтып, оның өмір салты мен мінезіне қатысты сыни пікір білдірген. Ол бұрынғы жұбайына жеке өмірімен тыныш айналысып, өзгелерге шағымдануды доғаруға кеңес берген.

"Өміріңді тыныш сүр, менің саған қатысым жоқ. Мен Аллаға шүкір, өз жағдайыммен жүрмін. Жұмыс істеп, үйіңді асыра. Менен алатыныңды әлдеқашан алғансың. Зарлай бермей, тірлігіңді жаса. Сенің сұлулығың кімге керек, ішкі әлемің лас болса. Талай сенен сұлу, ақылды қыздар бар. Сондықтан әркімнің өміріне килікпей, өз жолыңмен кет", – деп жазған Нұрсұлтан Жақсыген.