«Бағдаршамға тоқтағанда, түсіп кеттім»: Таразда қалыңдығын ұрлаған жігіттің ісі бойынша сот өтті

Ол оқиға кезінде күйеу жігітін танымай қалып, қорыққаннан көмек сұрағанын жеткізді.

Таразда қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің ісі бойынша сотта қыз алғаш рет өз нұсқасын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол оқиға кезінде күйеу жігітін танымай қалып, қорыққаннан көмек сұрағанын жеткізді.

Қыздың сөзінше, ол жігітімен алты жылдан астам уақыттан бері таныс және араласып жүрген. Екеуінің арасында келісім болып, тіпті көктемде үйлену туралы әңгіме де қозғалған.

Бірақ ол өзіне күтпеген жерден "құда түсу" әрекеті жасалатынын ойламаған.

"Біз алты жылдан бері араласамыз. Үйлену жайлы сөйлескенбіз, бірақ көктемде болады деп келіскен едік. Мені алып қашады деп мүлде ойламадым. Алғашында кім екенін де түсінбедім. Көлікке отырған кезде ғана рөлде жігітімді көрдім. Бағдаршамның жанында тоқтағанда түсіп қалып, үйге кеттім", – деді ол сотта.