Ғылыми-зерттеу қызметіне ден қойылады

Қазақстан Президенті Queen’s University Belfast оқу орнының президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбри­та­ния­ның жетекші ғылыми-зерттеу уни­вер­ситетіне еліміз айтарлықтай қы­зы­ғушы­лық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қыз­метіне ден қою көзделгенін айтты.

Кездесу барысында түрлі саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығы ма­ман­дарын даярлау мәселесі талқыланды.