Президент «Қызылорда нан» цехының жұмысымен танысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қызылорда нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған. 

Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.