Трамп Пентагонға ядролық қаруды дереу сынақтан өткізуді тапсырды

Бұл жайлы Reuters агенттігі хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігіне (Пентагон) ядролық қаруды қайта сынақтан өткізуді дереу бастау жөнінде нұсқау берді. Бұл шешім АҚШ-та соңғы 33 жылдағы алғашқы ядролық сынақтардың бастамасы болуы мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл қадам Қытайдың ядролық әлеуетінің артуына жауап ретінде қабылданған. Шешім Си Цзиньпинмен Бусан қаласында өтетін кездесу алдында жарияланды.

Сарапшылардың пікірінше, Трамптың бұл әрекеті жаһандық ядролық тепе-теңдік пен қауіпсіздік жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.