Ұлттық мерекеге орай турнир ұйымдастырылды

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының бастамасымен ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай шағын футболдан AMANAT CUP дәстүрлі турнирі биыл алғаш рет бастауыш партия ұйымдары арасында өткізілді.

Облыстық партия филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен биылғы жарыс – Бастауыш партия ұйымдарының жылына арналып, оған аудан, қалалардың атынан жасақталған 17 команда қатысты.

Қазығұрт ауданы Жаңабазар елді ме­кеніндегі спорт алаңшаларында өткен турнирдің ашылуына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық фи­лиа­лының төрағасы, Түркістан облыстық мәс­лихатындағы партиялық фракция же­текшісі Алтынсары Үмбетәлиев қа­­­тысып, жолдастық кездесу өткізіп жат­қан партияластарды Республика кү­ні мерекесімен және турнирдің ашы­луымен құттықтады.

– Республика күні – халқымыздың ру­хын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бір­лігімізді бекемдеп, ынтымағы­мыз­ды арттыратын ұлық мереке. Ұлт тари­хын­дағы жарқын мереке қарсаңында пар­тияның бастауыш ұйымдары ара­сында достық пен серіктестікке не­гіз­делген спорттық шараның алғаш мәр­­­те өткізілуі – үлкен жауапкершілік әрі қуа­нышты оқиға. Бұл турнир – партия ішін­дегі ұйымшылдықты арттыратын, ортақ мақсат пен мүддені біріктіретін жаңа дәстүрдің бастауы. AMANAT CUP жобасы – партияластар арасын­да­ғы достық көпірін нығайтып, ортақ идея мен көзқарасты біріктіретін ізгі­лік­ті бастама. Бастауыш партия ұйым­да­рының белсенділігі – партияның ті­ре­гі, ал сіздер – сол тіректің ең се­нім­­ді бөлігісіздер. Себебі мұндай ша­ра­лар тек спорттық рухты емес, пар­тиялық бірлікті, елдік жауапкершілікті қа­лыптастырады. Барша қатысу­шы­лар­ға әділ ойын, жарасымды көңіл күй жә­не шынайы командалық рух тілей­мін! – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қа­зығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмайлов та қатысушыларды мереке­мен құттықтап, жарыстың маңызы­н атап өтті.

– Республика күні – елдігімізді дә­ріптейтін, ұлт рухын көтеретін ерек­ше күн. Бұл мерекенің аясында өткі­зіл­ген бүгінгі AMANAT CUP турнирі – ұйым­шыл­дық пен достықтың, серіктестік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Мұн­­­­дай спорттық сайыстар қоғамда бел­сен­ділік пен жігерлі рухты қалы­п­тас­тырып, жастар мен партия мүшелерін ор­тақ мақсатқа жұмылдырады. Қа­зы­ғұрт жерінде өткізіліп отырған осын­дай ауқымды шаралар тұрғындарды бірлік пен өзара құрметке үндейді. Бар­ша командаға сәттілік, әділ ойын және жеңіс жолында табыс ті­лей­мін! – деді Азизхан Исмайлов.

Жарыс жолына түскен командалар же­ребе бойынша іріктелді. Барлық ко­манда 4 негізгі топ бойынша жа­рыс­қа түсті. Топтық ойындардан үз­дік шық­­қан командалар финалдық ойын­дарға жіберілді.

Жарыс нәтижесімен үшінші орын­ға Қазығұрт ауданының командасы лайық деп танылса, екінші орынға Түр­­­­кістан ауданының командасы та­бан тіреді. Жетісай ауданынан келген пар­тияластар жеңіс тұғырына көтеріл­ді. 

Жеңіс тұрғырынан көтерілген ко­мандаларды «AMANAT» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы атқару­шы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев марапаттап, қызықты ойын көрсеткен барлық қатысушы­ға алғыс айтты.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы