Азиялық мәдени кеңестің отырысына қатысты

«AMANAT» партиясының делегациясы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Азия саяси партияларының халықаралық конференциясының (ICAPP) жанындағы Азиялық мәдени кеңестің 4-отырысына қатысты.

Іс-шара «Ұлттық әралуандықтан жаһан­дық ынтымақтастыққа дейін: мәдениеттің жаңа әлемдік тәртіптегі рөлі» тақырыбында өтті. Оны ICAPP Тұрақты комитетінің қол­дауы­мен Yeni Azərbaycan (YAP) партиясы ұйым­дастырды. Форумға Азияның түрлі елінен жетекші саяси партиялардың өкіл­дері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйым­дар мен мәдениет саласының сарап­шылары шақырылды.

Алдымен қатысушылар Әзербайжанның көрнекті тұлғаларының рухына тағзым етіп, Құрмет аллеясы мен Шейіттер аллеясына гүл  қойды. Бұдан кейін ICAPP Тұрақ­ты коми­тетінің 44-отырысы жалғасын тауып, Азия­лық мәдени кеңес 4-отырысының ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Оң­түс­тік Корея, Үндістан, Камбоджа, Пәкістан, Ин­до­незия, Қазақстан және өзге де елдердің пар­­тия өкілдері қатысты. Жиын қоры­тын­ды­сы бойынша, ICAPP Мәдени кеңесінің жаңа бюро мүшелері сайланды.

Пленарлық сессияда сөз сөйле­ген «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жыл­қыбаев отырыс тақырыбы Қазақстан-ның негізгі құндылықтары мен стратегия-лық ба­ғытына сай келетінін атап өтті. Ол елі­мізде мә­дениетке қоғамды біріктіретін, ха­лықтар ара­сындағы сенім мен өзара тү­сініс­тік­ті нығайтатын маңызды тетік ретінде айрықша назар аударылып отырғанын жеткізді.

«Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың басшылығымен Әділетті Қазақстанды құру­ға бағытталған батыл реформаларды жү­зе­г­е асырып келеді. Бұл саясаттың маңыз­ды бағыттарының бірі – мәдениетті сенім мен диалогтың ортақ тілі ретінде ілгерілету», – деді ол.

Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, Қа­зақстан – бейбіт қатар өмір сүру мен мә­дени әралуандықтың үлгісі. Елде 130-дан ас­там этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тату өмір сүріп келеді. Осы тұрғыда Әлемдік жә­не дәстүрлі діндер көшбасшыларының съе­зі мен мәдени мұраны сақтау және дамыту жө­ніндегі бастамалар ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Мәдениет – адамзаттың ортақ тілі. Бү­гінде саяси және қоғамдық институттар ха­лықтар арасындағы сенімді нығайтуда ай­рық­ша жауапкершілікке ие», – деді партия хат­шысы.

Сондай-ақ ол ұлттық бірегей­лік­ті ны­ғай­ту мен елдің мәдени әлеуетін да­мы­туға ба­ғыт­талған «AMANAT» партиясының бас­та­малары туралы айтты. Олардың қата­рын­да тіл мен рухани құндылықтарды дәріптейтін «Ұлттық мұра» жобасы мен авторларды және оқу мәдениетін қолдайтын «Кітап-AMANAT» жобасы, сондай-ақ ұлттық ту­ристік бағы­т­тарды дамытатын «Алатау ама­на­ты» жобасы бар. Ержан Жылқыбаев Қа­зақ­станның мәдени саясаты орнықты да­му­мен, жұмыс орындарын ашумен және ха­лықаралық с­е­нім­ді нығайтумен тығыз бай­ланысты екенін атап өтті.

Пленарлық сессияларда ICAPP Тұрақты комитетінің төрағасы Чон Ыйен, бас хатшы Пак Ро-Бен, Yeni Azərbaycan партиясының өкіл­дері және Камбоджа, Индонезия, Фи­лип­пин делегаттары сөз сөйледі. Қатысу­шы­лар мәдениеттің орнықты даму ресурсы ре­тін­дегі рөлін, мәдени алмасу мен гуманитар­лық дипломатияның жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы маңызын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша, қаты­су­шылар мәдениетті орнықты даму, парти­я­ара­лық ынтымақтастық және бейбітшілікті ілгерілету мақсатында пайдаланудың жалпы тә­сілдерін бекіткен Бакин декларациясын қа­былдады. Құжатта Азия елдерінің саяси пар­тиялары, үкіметтері мен мәдени инс­ти­туттарының мәдени мұраны сақ­тау,  әралуан­дықты насихаттау және халықтар арасындағы диалогты нығайту бағытында күш біріктіру қажеттігі атап өтілді.

Қазақстан мен Әзербайжанды ортақ та­ри­хи тамырлар, мәдени жақындық және өзара құрметке негізделген берік бауырластық және стратегиялық қатынастар байла­ныс­тырады. Бұл ынтымақтастық мемлекеттер бас­шылары деңгейінде де, партияаралық фор­матта да қарқынды дамуда. 

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту ісінде «AMANAT» және Yeni Azərbaycan пар­тия­лары арасындағы өзара байланыс ерекше маңызға ие. Былтыр екі партия ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қойып, тұрақ­ты диалог пен тәжірибе алмасудың берік не­гізін қалады. Бұл серіктестік достық, тату көр­шілік және өзара қолдау рухындағы мем­лекетаралық қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етуде.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ